Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі - бұл мамандар даярлаудың үш сатылы үлгісін, креативті, мобильді, мақсатты студенттер мен магистранттарды, доторанттарды келешегі зор және бастамашыл кафедраларды дамытуға бағытталған жоғары білікті профессор-оқытушылық құрам болып табылады.
ГҒЖМ – бұл бакалавриаттың 13, магистратураның 8, докторантураның 3 мамандығы.
Жоғары мектептің міндеті (миссиясы) - ғылымның жаңа білім беру технологиялары мен жетістіктерін пайдалана отырып, университеттің дәстүрлерін арттыра, гуманитарлық ғылымдар саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, іргелі және қолданбалы білімді таратуда, жалпы және кәсіби құзыреттілігі бар, жоғары адамгершілік қасиеттерді, оң әлеуметтік бағдарлануды бойына сіңірген маманның тұлғасын қалыптастыруға белсенді қатысу.
10 жылдан кейінгі жоғары мектептің көрінісі - жан-жақты теориялық және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен сараптамалардың әзірлемелерін өндірісті тиімді түрде біріктіре жүргізетін ШҚУ-дың тұрақты және теңестіріле дамып келе жатқан ғылыми-білім беру бөлімшелері:
• гуманитарлық ғылымдар саласындағы жоғары білікті оқытушылар, сарапшылар, талдаушылар және басқа да мамандар;
• тәжірибе қолданушы мұғалімдер, кеңесшілер және менеджерлер.
Факультетте қазіргі таңда 1300 студент білім алуда, олардың 80% -ы күндізгі бөлімде білім алушылар.
2021-2022 оқу жылында 6 студент академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында білім алды: • Университет имени Адама Мицкевича (Польша) • Университет имени Витаутаса Великого (Литва)
Жоғары мектеп кафедралары академиялық ұтқырлықты дамытуда жақсы тәжірибеге ие. Шет тілдері және аударма ісі кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы республикалық және шетелдік сипаттағы түрлі іс-шараларға белсенді қатысады: п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ларионова Ирина Юрьевна академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру жоспары аясында 2021 жылдың 10 қарашасында Оңтүстік Кореяның Джонсонг университетінде өткен халықаралық симпозиумға қатысты. Еріктілер шет тілдер және аударма ісі кафедрасына алмасу бағдарламасы аясында келеді, қазақ, орыс филологиясы мен журналистика кафедрасында ішкі ұтқырлық дамыған, студенттер ҚазҰҚПУ, Шәкәрім атындағы СМУ ЖОО-дарынан келді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының білім алушылары соңғы үш жылда Алматы, Семей, Павлодар, ЖОО-дарында алмасу бағдарламасынан өтті. Жыл сайын көптеген студенттер түрлі халықаралық бағдарламалар бойынша Корея, Польша, Литва және басқа елдерде болады.
Жоғары мектеп құрамында 3 кафедра жұмыс атқарады: Қазақстан тарихы және Рухани жаңғыру кафедрасы; Қазақ, орыс және журналистика кафедрасы; Шет тілі және аударма ісі кафедрасы.
Жоғары мектеп кафедралары әртүрлі әдістемелік жұмыстарды өткізеді, біліктілікті арттыру жүйелі түрде жүргізіледі, бір жыл ішінде оқытушылар Ұлыбритания, АҚШ елдерінің алдыңғы қатарлы университеттерінде шетелдік тәжірибеден өтті.
Жоғары мектепте дуалдық оқыту элементтерін енгізу ШҚУ 027-20 «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің дуалдық оқыту жүйесі туралы Ережеге» сай және дуалды оқытуды жүзеге асыру тұжырымдамасы негізінде жүзеге асырылады.
2019-2020 оқу жылында жоғары мектеп бойынша дуалды оқыту элементтерін жүзеге асыратын екі БББ болды: (6B01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті; 6B03201 – Журналистика ).
2021-2022 оқу жылында жоғары мектеп бойынша дуалды оқыту элементтерін жүзеге асыратын 3 БББ бар: 6В01703 – Шет тілі: екі шет тілі, 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В03201 - Журналистика.
Дуалды оқытуды оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді Шет тілдер және аударма ісі кафедрасы, қазақ, орыс филологиясы мен журналистика кафедрасы жүзеге асырады. Өскемен қаласының мекемелерімен екі жақты және үш жақты келісім-шарттар жасалынған.
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылар құрамы жоғары ғылыми біліктілікпен озық іс-тәжірибе құзіреттілігімен ерекшеленеді, 5 доктор, 1 (PhD), 39 ғылым кандидаты жұмыс атқарады.
Жоғалы мкетеп оқытушылары «Жаңартылған білім беру мазмұны құрамындағы жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Жоғары мектеп оқытушылары Өскемен қаласының мұражайларымен: этнографиялық мұражаймен, тарихи-өлкетану мұражайымен, сондай-ақ Ономастикалық орталықпен, Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту бөлімімен, облыстық кітапханамен белсенді жұмыс істейді. Әсіресе А.Пушкин атындағы қалалық кітапханамен, О.Бөкей атындағы Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен тығыз байланыста. Оқытушылар кітапханалар өткізетін әдеби-шығармашылық сайыстардың қазылар алқасының мүшелері.
Біздің басымдылық міндеттеріміз:
• Басқа жоғары оқу орындарының озық ғалымдары, дарынды студенттері талпынған динамикалық, бәсекеге қабілетті ортаны құру. Өйткені осында дайындау бірегей білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі, қызықты ғылыми зерттеулер өткізіледі, стратегиялық серіктестердің тапсырыстары бойынша әзірленеді, студенттер мен оқытушылардың ғылыми және білім беру ортасында еркін қарым-қатынас мүмкіндігі бар;
• докторантураның үздік түлектерін тарту, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша докторантураны лицензиялау, академиялық ұтқырлық аясында профессорлар шақыру;
• профессор-оқытушылар құрамының зияткерлік әлеуетін көтеру, жетекші ғалымдар мен оқытушыларды тарту, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықты арттыру, жас ғалымдарды қолдау, ғылыми және инновациялық қызметтің нәтижелерін алға көтеру, мұғалімдер мен ғылыми қызметкерлерді, өз жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында ынталандыру қажет;
• жоғары мектеп мамандықтары бойынша дуальды оқытуға біртіндеп көшу арқылы, студенттерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, кафедра филиалдары желісін дамытуға және кеңейту- педагогикалық білімді жаңғырту мақсатында облыстың аудандарында бейіндік сыныптар құру, ББО арқылы қосымша курстарды ұйымдастыру;
• кафедра әлеуетін пайдалана отырып, бейінді институттардың ғалымдары мен жетекші ғылыми қызметкерлерін тарта отырып, археология, фольклор, антропология, дінтану сияқты басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;
• қашықтықтан оқыту технологияларының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жүйелі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;
• олимпиадалар, байқаулар, мектеп және колледж оқушыларының ғылыми жобаларын ұдайы өткізу арқылы талантты студенттер мен магистранттарды қабылдау. Жоғары мектепсің ерекшеліктерін ескере отырып, мәдени әртүрлілік пен толеранттылық қағидаттарын қолдай отырып, шетелдік студенттерді университетке оқуға тарту;
• ғылыми-білім беру орталығын ашу арқылы қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдердің тіл білгірлеріне арналған жыл сайынғы конкурстар ұйымдастыру арқылы көптілділікті кеңінен енгізу. Оқу жылы мен жазғы семестрде шет тілін тереңдетіп оқыту, халықаралық білім беру бағдарламалары мен қорларының таныстырылымы (презентация), жазғы тілдік мектептерді ұйымдастыру қосымша білім беру курстарының жұмысы өзекті мәселе болып табылады.